Францияның тарихшысымен кездесу туралы

Францияның тарихшысымен кездесу туралы

Париж, 2024 жылғы 29 қаңтар - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Францияның белгілі ғалым-тарихшысы, Алтын Орда тарихы туралы кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы Мари Фаверомен кездесті. 

Сұхбаттастар тарихи-мәдени саладағы көптеген мәселелерді талқылап, осы бағыт шеңберінде ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырды. 

Француз тарихшысы Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтының қызметіне ерекше қызығушылық танытты, сондай-ақ мемлекетіміздің аумағында Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуы сияқты үлкен оқиғаның Қазақстан тарихы үшін маңыздылығын атап өтті.