
Париж, 2024 жылғы 22-23 қаңтар – Қазақстан мен Францияның төрағалығымен Парижде «One Water Summit» (OWS) саммитінің Халықаралық басқарушы комитетінің бірінші отырысы өтті. Саммит ү.ж. қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында өтеді.
Комитеттің тең төрағалары - ҚР Президентінің кеңесшісі - Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова және Франция Президентінің «One Water Summit» жөніндегі арнайы өкілі Барбара Помпили алдағы Саммиттің басымдықтары мен міндеттерін мемлекеттердің, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың, қаржы институттарының және жеке сектордың өкілдерімен талқылау өткізді.
«One Water Summit» бойынша қазақстандық және француздық топтар жеке жұмыс кездесуін өткізді, оның барысында іс-шараны бірлесіп өткізудің мазмұнды және ұйымдастырушылық аспектілерін мұқият қарастырды.