Қазақстанның туристік әлеуеті француз туркомпанияларын тартуда

Қазақстанның туристік әлеуеті француз туркомпанияларын тартуда

Париж, 2023 жылғы 22 қараша – «Эйр Астана» авиакомпаниясының өкілдігі – «APG» агенттігі Қазақстанның Франциядағы Елшілігімен бірлесе француз трэвэл қоғамдастығы өкілдеріне Қазақстанның туристік әлеуетімен таныстыру іс-шарасын өткізді.

Skyway, Worldia, Les Maisons du Voyage, Top of Travel, Cercles des Voyages, CWT, AIM Voyages, Allée et Venues, Meridien Voyages, Photographes du Monde, Nomad сияқты Францияның танымал туристік компаниялары, сондай-ақ француз PR компанияларының өкілдері мен Sud Radio журналистері Қазақстан және оның тартымды туристік бағыты туралы тереңірек таңуға мүмкіндік алды.

Конференцияның басты мақсаты қатысушыларды Қазақстанның облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларының туристік әлеуетімен, сондай-ақ еліміздің табиғи ландшафттарының алуан түрлілігімен және қазақ халқының бай тарихи мен мәдени мұрасымен таныстыру болды.

Француз туркомпанияларының өкілдері Қазақстанның туристтік маршруттарын дайындау үшін қазақстандық туркомпанияларымен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірді.

Еуропадағы жетекші «Interface Tourisme» пиар және коммуникациялар агенттігінің президенті Gaël de la Porte du Theil мырзаның айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның туристік секторының дамуы өзінің биік шыңына жетіп, халықаралық деңгейде өзіне ерекше назар аударуда. Агенттілік президенті қазақ мемлекетінің бай әлеуетін белсенді түрде ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, «оның әлеуеті соншалықты жан-жақтылығы оның шексізділігі туралы айтады» деген пікірін білдірді.