Парижде Қазақстанның саяси жаңғыру процесі талқыланды

Парижде Қазақстанның саяси жаңғыру процесі талқыланды

Париж, 2023 жылғы 7 қараша – Францияның жетекші талдау
орталығы, Француз халықаралық қатынастар институтында (IFRI) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің қатысуымен, Қазақстандағы саяси жаңғырудың ағымдағы процестеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Францияның мемлекеттік және іскер топтарының өкілдері,
сарапшылары, зерттеушілері мен журналистері қатысты.
Е.Карин, Қазақстанда 2019 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан саяси
және құқықтық реформалардың негізгі кезеңдерімен француз аудиториясын таныстырды. Олардың экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы реформалармен өзара байланыста және ел азаматтарының тікелей қатысуымен бір мезгілде іске асырылып жатқаны атап өтілді.

Қазақстандық қоғамды демократияландыру процестерін құптай
отырып, француз сарапшылары өз тарапынан 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижелеріне және елдің қазіргі саяси ландшафтына ерекше қызығушылық танытты.