
Париж, 2023 жылғы 7 қарашаПарижде кеңінен танымал Багатель ботаникалық бағында Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесшісі Ерлан Кариннің қатысуымен қазақстандық қызғалдақтарды отырғызу рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Париж ботаникалық бақтарының директоры Режис Криснер, CCVS (Conservatoire des Collections Végétales Spécialisées) құрметті президенті Франсуаз Ленобль-Предин, ФР Еуропа және сыртқы істер министрлігінің, Ұлттық Ассамблеяның, қала муниципалитетінің өкілдері, сондай-ақ француз астанасының қоғам қайраткерлерібиологтар мен экологтары қатысты.
Өз Отаны - Шымкент қаласынан әкелінген 2200 Грейг қызғалдақ шамдары (Tulipa greigii) жыл сайын 400 мыңға жуық келушілерді тартатын 24 гектар тарихи саябақты безендіру үшін Париждің ботаникалық бағына отырғызылды. Бұл акция 2020 жылы аталып өткен Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналды.
Париж ботаникалық бақтарының директоры өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанға, оның дипломаттарына және Шымкент қаласының басшылығына Багатель саябағына жомарт сыйы үшін өзінің алғысын білдіріп, қызғалдақтар «екі халықтың жылы достық қарым-қатынасының, сондай-ақ қарқынды дамуының бейнесі болатының» атап өтті.
Е. Карин өз кезегінде француз тарапына Қазақстанға көңіл бөліп, оның бай мәдениеті мен ғасырлар бойғы тарихи мұрасына деген қызығушылығы үшін алғысын білдірді. Мемлекеттік кеңесші іс-шараға қатысушыларға өз отаны Қазақстаннан келген қызғалдақтардың тарихы туралы айтып, оларды қызғалдақтарды табиғи мекендеуінде тамашалауға елге шақырды.
Салтанатты рәсім соңында Елші Г.Арыстанқұлова іс-шараны ұйымдастырушыларға Париж тұрғындары мен қонақтарына Ұлы Даланың символы болып табылатын қазақстандық қызғалдақтарды тамашалауға мүмкіндік беретін осы бірегей жобаны жүзеге асырғаны үшін ризашылығын білдірді.
Іс-шара Франция Президенті Э.Макронның 2023 жылғы 1 қарашадағы Қазақстанға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген екі мемлекет басшыларының мәдени-гуманитарлық саладағы уағдаластықтарын іске асыру шеңберінде нағыз символдық оқиға болды.