Гиме ұлттық шығыс өнер мұражайының Президентімен кездесу туралы

Гиме ұлттық шығыс өнер мұражайының Президентімен кездесу туралы

Париж, 2023 жылғы 23 қазан - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Гиме (Guimet) ұлттық шығыс өнері мұражайының президенті Яник Линзмен кездесуі өткізді. 

Тараптар Гименің Қазақстан мұражайларымен, оның ішінде тарихи артефактілерді жинау, сақтау, зерделеу және таныстыру саласындағы ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

Гиме мұражайы Азиядан тыс әлемдегі ең үлкен азиялық өнер мұражайы болып табылады. 2010 жылы мұражайда француздарды Ұлы Дала Елінің бірегей тарихы мен мұрасымен таныстырған «Қазақстан: адамзат, жануарлар әлемі және дала құдайлары» атты көрмесі өтті.