Қазақстан Республикасының Стипендиялық бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстан Республикасының Стипендиялық бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша әлемде және Қазақстанда орын алған коронавирус (COVID-19) пандемиясына байланысты, Қазақстан Республикасының Стипендиялық бағдарламасына шетел азаматтарынан, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларынан құжаттарды қабылдау 2020 жылы жүргізілмейді, 2020-2021 оқу жылына Қазақстан Республикасының Стипендиялық бағдарламасы тоқтатылды.
Стипендиялық бағдарламаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы басқарады.

Толық ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz сайтында алуға
болады.