2020 жылғы 11 мамырда Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75-жылдығын мерекелеуге орай Страсбург қаласының оңтүстік зиратында Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің өкілдері, Еуропа Кеңесінің бірнеше мүше-мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларымен бірге Франция мен басқа да Еуропа елдерін азат етуге қатысқан кеңес сарбаздарының құрметіне қойылған обелискке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Бұл зиратта 548 Кеңес әскерлері жерленген.
Дипломаттар нацизмге қарсы күресте өз өмірлерін құрбан еткен жауынгерлерді еске алды.
Нуайе-сен-Мартэндегі (Уаз департаменті) ең үлкен зиратта кеңес жауынгерлеріне орнатылған ескерткішке дәстүрлі гүл шоқтарын қою рәсімі карантинге байланысты кейінірек өтеді.
Батырларға мәңгі естелік!