«Франциядағы қазақстандық күз» маусымы Парижде ашылды

«Франциядағы қазақстандық күз» маусымы Парижде ашылды

Париж, 2023 жылғы 29 қыркүйек - Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде «Қорқыт-Абай» мәдени орталығының белсенді қатысуымен «Франциядағы қазақстандық күзінің» жаңа маусымы ашылды.

Іс-шара аясында қазақстандық суретші Айжан Жаркешова қобыз, жетіген, шаңқобыз, сазсырнай және фортепиано сынды музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен құммен сурет салу өнерін көрсетті. Құм анимациясының шебері қазақ халқының салт-дәстүрін, шексіз даланың сұлулығы мен ұлылығын бейнелеу арқылы көрсетті. Суретші жұмыс істейтін қара құм өзінің өтімділігінің арқасында ерекше құрылымы бар «шынайы» бейнелерді жасады. Сонымен қатар, интерактивті проекция көрермендерге Ұлы далада ұмытылмас саяхат жасауға мүмкіндік беретін шындық елесін жасады.