"Orano" француз компаниясының Операциялық директорымен кездесу туралы
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында қойылған жаңа мақсаттар аясында Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова "Orano" француз компаниясының Операциялық директоры Николя Маеспен кездесті.
Сұхбат барысында Елші экономикалық саясаттың негізгі бағыты елдің ауқымды индустрияландырылуына жүйелі көшу болып табылатынын атап өтіп, энергетика, оның ішінде атом энергетикасы саласында атқарылатын міндеттерге тоқталды.
Қазақстанның "Orano" компаниясымен ұзақ мерзімді және стратегиялық әріптестігін ескере отырып, тараптар бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықтың жаңа жолдарын талқылады, сондай-ақ өзара іс-қимылдың қадамдарын белгіледі.