Шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттердің назарына

Шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттердің назарына
 
Студент мәртебесін өзектендіру үшін egov.kz электронды үкімет порталында шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерді тіркеу қызметі жұмыс істейді.
 
МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін студентке egov.kz электронды үкімет порталында «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөлімінде растайтын құжатты (оқу орнынан анықтама) бекіте отырып, өтініш беруі қажет.
 
Тіркеу бойынша нұсқаулық:
1 - Электрондық үкіметтің egov.kz сайтына өтіп, жүйеге тіркеліңіз;
2 - «Қызметтер» бөлімінен «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тармағын таңдаңыз;
3 - Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS құпия сөзімен қол қойыңыз;
4 - Өтінім өңдегеннен кейін жеке кабинетіңізге хабарлама жіберіледі.