
Париж, 2023 жылғы 11 шілде - Жаңа серіктестер іздеу жұмыстарын кеңейту аясында Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Париж және Иль-Де-Франс аймағының Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) басшылығымен кездесті.
Халықаралық даму жөніндегі Вице-президент Мари-Кристин Огли және Бас директорының орынбасары Пьер Монгрюэмен келіссөздер барысында Қазақстан мен Францияның стратегиялық серіктестері арасындағы саяси, сауда және инвестициялық қатынастардың жоғары динамикасы атап өтілді.
Париж және Иль-Де-Франс СӨП өкілдері тығыз ынтымақтастыққа, оның ішінде француз және қазақстандық компаниялардың бизнес-миссияларын, кездесулері мен келіссөздерін ұйымдастыру, сондай-ақ өзара сауданы әртараптандыру үшін әкімшілік кедергілерді жеңілдету бойынша өзара іс-қимылға қызығушылық танытты.