Париж, 2023 жылғы 3 шілде - Франция Сенатының ғимаратында сенаторлар Жан Энгрей мен Марк-Филипп Добресстің қолдауымен Қазақстанның Еуропа мен Францияның энергетикалық егемендігіндегі рөлі тақырыбында пікірталас сессиясы өтті.
Спикерлер ретінде Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, ФР Ұлттық Ассамблеясының бұрынғы төрағасы, Экологиялық ауысу және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі бұрынғы министрі Франсуа Рюжи, Франциядағы «Kantar public» зерттеу орталығының директоры Эммануэль Ривьер, «The Bridge Tank» аналитикалық институтының негізін қалаушы, төрағасы Джоэль Рюе, сондай-ақ Француз халықаралық қатынастар институтының сарапшысы (Ifri) Микаэль Левистоун сөйледі.
Кездесуді аша отырып, Елші Г.Арыстанқұлова 15 жыл бұрын тараптардың тең құқықтылығы мен өзара мүдделерін есепке алу негізінде белгіленген екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің дамуы туралы айтып берді. Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы қарашадағы Парижге ресми сапары барысында екі мемлекет басшылары, әсіресе энергетика саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Елші қазба жанармай түрлеріне бай, сондай-ақ баламалы және жаңартылатын энергия көздеріне орасан зор потенциалы бар Қазақстан Францияның энергетикалық егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса алатынына назар аударды.