Қазақстандық авиакомпаниялар Парижде марапаттарға ие болды

Қазақстандық авиакомпаниялар Парижде марапаттарға ие болды

Париж, 2023 жылғы 20 маусым - 54-ші халықаралық «Salon Le Bourget» аэроғарыштық көрмесі аясында Парижде әлемнің авиакомпаниялары арасында беделді Skytrax World Airline Awards марапаттау рәсімі өтті. Атап айтқанда, «Air Astana» ұлттық авиакомпаниясы «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік әуекомпания» номинациясы бойынша 11-ші рет, сондай-ақ екінші рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік қызмет» жүлделерге ие болды. Ал «FlyArystan» компаниясы «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік лоукостер» наградасына ие болды.

Аталған іс-шараға Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова қатысып, «Air Astana» компаниясының Президенті Питер Фостермен авиация саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Авиакомпанияларымызды марапаттарымен құттықтай отырып, болашақта да жоғары сапалы қызмет көрсету мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жетістіктерге жете берулерін тілейміз! 

Skytrax World Airline Awards 1999 жылы құрылған және әлемдегі авиакомпаниялар арасында беделді марапат болып саналады. Жеңімпаздар 100-ден астам елдің әуе саяхатшыларының онлайн-сауалнамасының нәтижелері бойынша анықталады. Сауалнама ағылшын, француз, испан, орыс, жапон және қытай тілдерінде жүргізіледі. Жыл сайын 300-ден астам халықаралық авиакомпаниялар.