Франция СІМ-де кездесу туралы

Франция СІМ-де кездесу туралы

Париж, 2023 жылғы 5 маусым - Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Франция Сыртқы Еуропа және сыртқы істер министрлігінің Экономикалық дипломатия департаментінің директоры Элен Дантуанмен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін тұрақты байланыстырды жалғастыру туралы уағдаласты.

Биыл Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестік орнатудың 15 жылдығын атап өтуде. Франция еліміздің экономикасына жалпы көлемі шамамен 18 миллиард доллар инвестиция құйып, ірі инвестор елдердің қатарына кірді.