Абай апталығы: Париждегі анимациялық фильмнің премьерасы

Абай апталығы: Париждегі анимациялық фильмнің премьерасы

Париж, 2023 жылғы 23 мамыр - Қазақстанның Париждегі Елшілігінде Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» шығармасына арналған қысқа метражды анимациялық фильмнің премьерасы өтті. MPL Culture компаниясының қолдауымен «Қазақстанның Франциядағы әйелдері» қоғамдастығы ұйымдастырған іс-шараға шет мемлекеттердің елшілері, саяси, академиялық, мәдени және іскер топтардың өкілдері қатысты.

Анимациялық фильмді Ангулем қаласында оқитын Доминика Қыдырбаеваның жетекшілігімен француз-қазақстандық студенттердің креативті тобы жасады. Мәдени іс-шараның аясында Ғазиза Ғабдрахимова қазақ композиторларының шығармаларын ежелгі қобыз аспабында орындады. 

Сонымен қатар, алдағы күндері Ренн қаласында және Парижде ұлы ақынның шығармашылығына арналған іс-шаралар өтеді. Осы қалаларда орнатылған Абай ескерткіштерінің жанында жиналып қазақстандықтар мен оның шығармашылығын сүйетін француз азаматтары, ұлы бабамызды еске алып, өлеңдерін оқиды.