Парижде Қазақстан мен Францияның көпжақты алаңдардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Парижде Қазақстан мен Францияның көпжақты алаңдардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

         Париж, 2023 жылғы 11 мамыр - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің БҰҰ, халықаралық ұйымдар, адам құқықтары мен франкофония департаментінің Директоры Беатрис Ле Фрапер Дю Элленмен кездесу өткізді.

         Кездесу барысында Елші сұхбаттасушыны Қазақстанның халықаралық ұйымдар шеңберінде ілгерілетіліп жатқан негізгі халықаралық бастамалары мен жобалары, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік реформалар туралы хабардар етті.

         Француз дипломаты өз кезегінде Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді рөлін және екі елдің көпжақты тректегі сындарлы өзара іс-қимылын атап өтті.

         Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көпжақты күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға  уағдаласты.