
Париж, 2023 жылғы 4 мамыр - Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің көмегімен белгілі скрипкашы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, ЮНЕСКО-ның «Әлем әртісі» атағының иегері Айман Мұсақожаеваның қатысуымен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті өтті.
Музыкалық кеш барысында «Gaveau» концерт залында А.Вивальди, Ф.Шуберт және Ф. Мендельсонның, сондай-ақ отандық композитор Рахат-Би Абдысагиннің шығармалары орындалды.
Мемлекеттік симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен А.Мұсақожаеваның виртуоздық ойыны Париж жұртшылығын жаулап алды.
Париждегі классикалық музыканың тамаша кеші үшін талантты музыканттарға алғысымызды білдіреміз.