
Париж, 2023 жылғы 19 сәуір - Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова екі ел арасындағы экономикалық және сауда күн тәртібін талқылау үшін Сыртқы сауда, тартымдылық және шетелдегі француздар істері жөніндегі министр-делегат Оливье Бештпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ағымдағы жобалар мен алдағы екіжақты іс-шаралар туралы пікір алмасты.
Сондай-ақ, 30 жуық ірі француз компаниясының 17-18 сәуірде Астанаға жасаған сапарының нәтижелері қарастырылды.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы мамыр айында Астана қаласында өтетін Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 15-ші отырысына дайындық барысы талқыланды.