Қазақстан Елшісі Лионға жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Елшісі Лионға жұмыс сапарымен барды

Лион,  2023 жылғы 5 сәуір - Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Лион қаласына жұмыс сапармен барды. Бұл сапар Қазақстанның Овернь-Рон-Альп аймағындағы Құрметті консулы Софи Сидостың қолдауымен өтті.

Сапар аясында қазақстандық дипломат өңір және Рон департаментінің басшылығымен, сондай-ақ экономикалық ұйымдардың өкілдерімен және фармацевтикалық кластердің бірқатар компаниялармен кездесті. Елші сұхбаттасушыларға Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын таныстырды. Биыл екі ел стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылғанына 15 жыл толуын атап өтуде. Сондай-ақ, Елші өңірдің бизнесін ҚР-да өзара тиімді жобаларды іске асыруға шақыра отырып, еліміздегі саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Овернь-Рон-Альп өңірдің префектісі Фабиен Букксио Қазақстанның одан әрі дамуының үлкен әлеуетін, сондай-ақ оның өңірлік және халықаралық аренадағы маңызды рөлін атап өтіп, Францияның елімізбен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға мүдделілігін атап өтті.

Сұхбат барысында тараптар тек сауда-экономикалық өзара іс-қимылды ғана емес, мәдениет, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық пен алмасуды ұлғайтуға келісті. Префект Лионның әлемдік гастрономияның танылған орталығы екенін атап өтті. Осыған байланысты қазақстандық аспаздық өнер шеберлеріне SIRHA халықаралық гастрономиялық көрмесіне қатысуды ұсынды.

Өз кезегінде, Овернь-Рон-Альпі өңірдің вице-президенті Филипп Мёнье және Рон департаментінің президенті Кристоф Гийото Қазақстанмен экономикалық байланыстарының, оның ішінде Овернь-Рон-Альпімен өсуінің оң динамикасын атап өтіп, ауыл шаруашылығы, индустрия, химия өндірісі, логистика және т.б. салаларда бизнес-байланыстарды одан әрі кеңейтуге жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

Атап айтқанда, өңірдің бизнесі тығыз ынтымақтастыққа дайын. Сапар аясында Г.Арыстанқұлова «Boehringer Ingelheim» (ветеринариялық вакциналар), «BioMérieux» (ауруларды диагностикалауға арналған жабдық) және «Sanofi» (медициналық препараттар мен вакциналар) фармкластерінің компанияларымен мазмұнды келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, Қазақстанда табысты жұмыс істейтін «Vicat» (цемент) тобының өндірісіне барды, онда қалдықсыз өндіріс және «теріс көміртегі» технологиялары іске асырылды.

Келіссөздер барысында фармацевтика саласындағы инвестициялық өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері талқыланды. Дәрілік заттарды өндіру, технологиялар трансферті, сондай-ақ ғылыми және клиникалық зерттеулер жүргізу саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі мүмкіндіктерді зерделеуге қызығушылық білдірілді.

Жергілікті MEDEF (компаниялардың бірлестігі) филиалының басшылығы да жақын байланыстарға тілек білдірді. Екі елдің мүдделі компаниялары арасында сапарлар ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Лион қаласына сапары аясында Департамент сарайында топтың құрылғанына 15 жыл толуына орай «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің концерті өтті. Әртістер Лион көрермендерін дәстүрлі музыкалық аспаптарда шебер ойнаумен, сондай-ақ тамақпен ән айту техникасымен қуантты. Іс-шараға опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев концертмейстер Дина Мирманованың сүйемелдеуімен қатысты.

Сонымен қатар, қазақстандық студенттермен кездесу өтті. Олар ҚР-ның Овернь-Рон-Альпі өңірдегі Құрметті консулының қызметімен танысты. Кездесу барысында студенттерге одан әрі кәсіби және академиялық өсу бойынша консультациялық қолдау көрсетілді.