Француз депутаты парламенттік байланыстардың жандануына мүдделі

Француз депутаты парламенттік байланыстардың жандануына мүдделі

Париж, 3 сәуір 2023 жылғы - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Франция Ұлттық Ассамблеясының “Франция-Қазақстан” достық тобының мүшесі, депутат Анн Женететпен кездесті.

Кездесу барысында Елші достық топтың мүшесін жалпы еліміздің дамуы жайлы, сонымен бірге саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайларға кеңірек тоқталып, қазіргі таңда Қазақстанның қолға алып жатқан барлық салалардағы реформаларынан хабардар етті. Сонымен бірге, таяуда ғана өткен кезектен тыс парламенттік сайлаудың жаңа жүйе бойынша жүргізілгенін ерекше атап өтіп, сайлауға қатысқан саяси партиялар туралы толық ақпарат берді.

А.Женетет өз кезегінде елімізде болып жатқан тың өзгерістерден хабардар екенін, Қазақстанның халықаралық аренадағы бастамаларын қолдап, әрқашанда үлкен қызығушылық танытып жүретінін жеткізді. Сонымен қатар, француз депутаты өзінің жаңа сайланған Қазақстандағы әріптестеріне табыс тілей отырып, алдағы уақытта екі елдің парламентаралық байланыстарды ары қарай жандандыруға күш салатынын айтты.

Тараптар қазіргі кездегі халықаралық жағдай бойынша пікір алмасып,  екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты ары қарай дамытуға уағдаласты.