Бауырлас қалалардың байланыстары дамитын болады

Бауырлас қалалардың байланыстары дамитын болады

Париж, 2023 жылғы 31 наурыз - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Қызылорда қаласының бауырлас қаласы Францияның Ножан-сюр-Марн қаласының мэрі Жак Мартэнмен кездесті.

Кездесу кезінде екі өңірдің экономика, мәдениет, туризм және спорт саласында ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде Ножан-сюр-Марн қаласының мэрі Қызылорда қаласының әкімшілігін Францияға мәдени сапармен келіп кетуге шақырды.

Елші Ножан-сюр-Марн қаласына сапары аясында қазақ ұлтының қайраткері Мұстафа Шоқайдың мүсініне гүл шоғын қойып, құран бағыштады.

2021 жылғы 8 шілдеде Қызылорда қаласы мен Францияның Ножан-сюр-Марн қаласы (Иль-де-Франс өңірі) арасында бауырластық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойылған.

Өткен ғасырда “Алашорда” қозғалысының қайраткері Мұстафа Шоқай Ножан-сюр-Марн қаласында 20 жылдай тұрған.