Француз журналистері парламенттік науқанның жаңа ережелеріне баға берді

Француз журналистері парламенттік науқанның жаңа ережелеріне баға берді

Париж, 2023 жылғы 13 наурыз – Қазақстан Елшілігінде Франция бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті. Оның барысында ел басшылығы жүргізіп жатқан саяси реформалар талқыланды және қатысушылар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының алдағы сайлауына дайындық барысымен таныстырылды.

Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова жаңартылған сайлау қағидаларына сәйкес мерзімінен бұрын өткізілетін сайлау туралы айтып берді. Елші саяси партиялар өкілдерінің жоғары белсенділігін және тізімдерде тәуелсіз кандидаттардың, оның ішінде пікір көшбасшылары мен азаматтық ұстанымын көрсететін қоғам қайраткерлерінің бар екендігін атап өтті.

Француз журналистері Қазақстандағы өзгерістерге қызығушылық танытып, парламенттік науқанның жаңадан енгізілген ережелеріне баға берді. Сайлау науқанының барысын және дауыс беру процесін бақылауға қызығушылық білдірді.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредиттеу процесі аяқталды. Атап айтқанда, 793 байқаушы, оның 131-і - 41 шет мемлекеттен және 662-сі - 12 халықаралық ұйымнан аккредиттелген.