Париж, 2023 жылғы 16 ақпан - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Campus France агенттігінің бас директоры Донатиен Иссармен кездесті.
Сұхбат барысында француз агенттігінің қазақстандық жоғары білім оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту, ғалымдар арасындағы тәжірибе алмасуды жандандыру жайы сөз болды. Сонымен қатар, университеттер мен ғылыми зерттеу институттарының арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен білім беру мен қос дипломдық бағдарламалар бойынша жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды.
Тараптар алдағы уақытта екі елдің жоғары білім және зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты одан әрі қарай жандандыруға уағдаласты.
Campus France француздық жоғары білімнің тартымдылығын насихаттайтын агенттік. Дүние жүзінің 134 елінде Франция елшіліктерінің құзырындағы 275 өкілдігі жұмыс істейді.