Париж, 2023 жылғы 15 ақпан - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарын сайлаудың жаңа жүйесі Францияның парламентшілері, саясаттанушылары мен сарапшылары үшін Париждегі Қазақстан Елшілігінде өткен брифингтің басты тақырыбы болды.
Іс-шараны ашқан Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова жаңа қағидаларға сәйкес өткізілетін Парламенттің төменгі палатасына және жергілікті өкілді органдарға сайлаудың негізгі аспектілері туралы айтып берді. Парламенттік сайлау Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған елдің саяси жүйесін терең жаңғыртуға бағытталған реформалардың қорытынды кезеңі болып табылатынына ерекше назар аударды.
Қазақстандық дипломат жаңартылған Мәжіліс неғұрлым өкілді және белсенді болады, ол өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікірталас жүргізетін алаңға айналады деп күтілуде екенін айтты.
Өз кезегінде, іс-шара қатысушылары аралас жүйе бойынша өтетін парламенттік сайлауға шынайы қызығушылық танытты. Олар өзін-өзі ұсынған кандидаттардың, 30% квота негізінде әйелдердің, жастар мен аса қажеттіліктері бар азаматтардың бәсекеге белсенді қатысуларын атап өтті.
Талқылау барысында сарапшылар тәуелсіз үміткерлердің сайлау науқанын қаржыландыру, сондай-ақ болашақта жергілікті өкілді органның жанадан сайланған депутаттары мен облыстардың әкімдері арасындағы өзара іс-қимылдарына қатысты сұрақтар қойды.
Брифингке қатысушылар сайлау науқанының үлкен бәсекелестік түрінде өтетінін пайымдап, дауыс беру нәтижелерін күтетіндерін жеткізді.