Қазақстан Елшілігінің делегациясы ADP тобының штаб-пәтеріне барды

Қазақстан Елшілігінің делегациясы ADP тобының штаб-пәтеріне барды

Париж, 2023 жылғы 10 ақпан – Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова әуежайларды басқару саласындағы әлемдік көшбасшы ADP тобының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломаттарды компанияның даму жоспарлары мен Париж әуежайының қызметімен таныстырды. Бұл үлкен әуе айлағы Париж қаласының шамамен 2/3 бөлігіне тең, ал оның қызметін жүз мыңға жуық жұмысшы қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, ADP тобы TAV Airports филиалы арқылы Алматы қаласының әуежайын 2021 жылдың сәуір айында сатып алған. Олар жаңа терминал салу үшін бірлесіп 200 млн долл. инвестициялауды жоспарлайды.