Парижде шығыс сәніне арналған «Oriental Fashion Show» халықаралық іс-шара аясында қазақстандық дизайнерлер авторлық коллекцияларын көрсетті. Әлемдік мәдениеттер арасындағы диалогты дамыту миссиясы болған сән шоуына Еуропа, Азия, Шығыс және Солтүстік Африка елдерінің дизайнерлері де қатысты.
Қазақстандық «Hanum Collection» брендінің негізін қалаушы, этнолог Ханум Айдаш ерекше стилистикалық баспасымен «Құмдағы іздер» атты бірегей топтаманы ұсынды. Отандық кутюрьенің жарқын топтамасы өзінің эксклюзивті орамал пен ағаштан жасалған сөмкелерімен қызықты болды. Модельдер қазақ әнінің шырқауымен подиумға шықты.
Екінші қазақстандық сәнгер Сабина Вольскаяның бірегей топтамасын көрсеткен Қазақстанның жас модельдері беделді шоу қонақтарының қуанышы мен дүрбелең қошеметіне бөленді. Дизайнер брендінің тұжырымдамасы практикалық тұрғыдан, ақ-қара түстің үйлесімімен және ерекше пішінмен ерекшеленді.
Балалардың алғашқы сән көрсетілімі «Oriental Fashion Show» негізін қалаушы Хинда Жударды таң қалдырды. Атап айтқанда, ол кішкентай модельдердің керемет шығармашылық әлеуетіне таңданысын білдірді.
Қазақстандық дизайнерлер, «Oriental Fashion Show» президенті Хиндж Жедар және дефиленің басқа да шетелдік қатысушылары Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде қабылданды. Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова қазақстандық кутюрьелерге ұлттық мәдениетті елден тыс жерлерде насихаттағаны үшін алғысын білдіріп, сән индустрияның әлемдік сахналарында одан әрі табыстар тіледі. Дипломат сондай-ақ «Oriental Fashion show» басшысы мен ұжымына қазақ мәдениетіне қызығушылық танытқаны және Қазақстаннан келген сәнгерлерді қолдағаны үшін алғысын білдірді.
Париждегі «Route de la Soie et d'Al Andalus» қауымдастығы негізін қалаған "Oriental Fashion Show" 15 жыл бойы өз жұмысын жүргізіп келеді. Оның мақсаты символдық мағына мен тарихқа толы дәстүрлі сәнді заманауи тенденцияларға айналдыру.
"Oriental Fashion Show" 50 елден келген 100-ден астам дизайнерлерді сәтті қолдайды және олармен ынтымақтасады.