Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Франция Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер комитетінің төрағасы Кристиан Камбонмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, К. Камбон қазақстандық әріптестерін Франция Сенатына сапармен келуге шақырды.