
Версаль, 2022 жылғы 16 қараша - Қазақстан 60-тан астам делегация қатысқан Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросының (ХӨСБ) Бас конференциясының 27-ші отырысына қатысты.
Қазақстандық делегацияның құрамына Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің, Қазақстандық стандарттау және метрология институтының, сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің өкілдері кірді.
Конференция аясында қатысушылар метрикалық жүйені жетілдіру бойынша бірқатар шараларды талқылап, қабылдады.
Өз тарапынан, ҚР делегациясы іс-шараға қатысушыларды ағымдағы жылдың қазан айында ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесінің 215-ші сессиясы барысында Қазақстан Республикасы мен Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросының 20 мамырды Дүниежүзілік метрология күні деп жариялау туралы ұсынысын мақұлдау туралы хабардар етті.
Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова өзінің сөзінде ХӨСБ-ға барлық мүше мемлекеттерге алғысын білдіре отырып, бұл шешімді ЮНЕСКО-ның 2023 жылғы қарашадағы Бас конференциясында бекіту метрологиялық қоғамдастыққа жыл сайын осы беделді ұйымның қамқорлығымен атап өтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Анықтама: Өлшемдер мен салмақтар жөніндегі Бас конференция 1875 жылы құрылған Халықаралық өлшемдер мен салмақтар комитетінің жоғарғы органы болып табылады. Халықаралық комитеттің атқарушы органы - Севр қаласында (Франция) орналасқан Халықаралық өлшемдер және салмақтар бюросы (BIPM).
Қазақстан Конвенцияға 2004 жылғы мамырда қосылды, 2005 жылғы қыркүйекте Өлшемдер мен салмақтар жөніндегі Бас Конференцияға қауымдастырылған мүше болды. 2008 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан ұйымға толыққанды мүше болып кірді. 2022 жылғы жағдай бойынша, BIPM-ге 64 ел мүше, ал 36 мемлекет қауымдастырылған мүше болып табылады.