Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау Францияда үлкен қызығушылық тудыруда

Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау Францияда үлкен қызығушылық тудыруда

Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Франция Республикасы Сенатының «Франция - Орталық Азия» достық тобы төрағасының орынбасары, сенатор Андрэ Рейшардпен, сондай-ақ бірқатар француз БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізді. 

Қазақстандық дипломат сұхбаттастарды елдің саяси жүйесін «қайта жаңғырту» бойынша жүргізіліп жатқан реформалармен егжей-тегжейлі таныстырды. Ү.ж. 20 қарашада өтетін кезектен тыс президенттік сайлау бұл бағыттағы маңызды қадам болып саналатын баса айтты. 

Парламенттің рөлін күшейту, азаматтық қоғамды дамыту, БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударылды. 

Сұхбаттасушылар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістерді жоғары бағалап, сайлау науқаны мен дауыс беру процесі демократиялық нормалар мен стандарттарға сәйкес өтетініне сенім білдірді.