Қазақстан студенттерімен кездесу

Қазақстан студенттерімен кездесу

Париж, 2022 жылғы 12 қараша -  Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Париж қаласында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өтті.

Кездесу барысында Елші Гүлсара Арыстанқұлова студенттердің назарын елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен барлық салаларды, оның ішінде білім беру және жастар саясатын қоса алғанда, жаңғыртуға бағытталған реформаларға аударды. Сондай-ақ, Елші алдағы кезектен тыс президенттік сайлауға дайындық барысы туралы айтып берді. 

Студенттер Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді үлкен қызығушылықпен қарап отыратындары, сондай-ақ Франциядағы оқу процесі мен студенттік өмір туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Іс-шара соңында осындай кездесулерді жүйелі түрде ұйымдастыру келісілді.