Париж - Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Францияның даму агенттігінің (AFD) өкілдерімен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында AFD Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Азия департаментінің басшысы Сандра Кассаб Қазақстан аумағында жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және т.б. салаларда бірлескен жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар өзара тиімді жобаларды айқындау бойынша байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.