
Париж, 2022 жылғы 3 қараша - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Халықаралық өлшем және салмақ бюросының басшылығымен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында Елші Қазақстандағы жан-жақты жаңғыртуға бағытталған саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сондай-ақ алдағы уақытта өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға дайындық барысы туралы хабардар етті.
Өз кезегінде, Ұйым өкілдері Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға қолдау білдіріп, Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет, осы ұйымның толыққанды мүшесі болып табылатын елімізбен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіліктерін қуаттады.
Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар 20 мамырда ЮНЕСКО аясында Метрология күнін мерекелеу жөніндегі бірлескен бастаманы ілгерілету бойынша одан әрі қадамдарды белгіледі.