
Париж, 2022 жылғы 2 қараша – Қазақстан-Франция экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев және Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі жанындағы сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және француз істері жөніндегі министр-делегат Оливье Бешт онлайн-форматта келіссөздер жүргізді.
Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ оларды ілгерілету бойынша одан әрі қадамдарды белгіледі.
Іс-шараға Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Францияның Қазақстандағы Елшісі Дидье Канесс, Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің тең төрағалары Айдан Кәрібжанов пен Ив-Луи Даррикаррер, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдарының және бірқатар француз компанияларының өкілдері қатысты.