Қазақстан мен Франция мәдени дипломатияны нығайтуда

Қазақстан мен Франция мәдени дипломатияны нығайтуда

Париж, 2022 жылғы 27 қазан – «Франциядағы Қазақстанның күзі» аясында 4-ші Қазақстан кинофестивалі ашылды. Ол төрт күн бойы жергілікті көрерменді қазақстандық фильмдермен таныстыратын болады.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шара Француз қазақстандық кино қауымдастығы Қазақстан Елшілігінің, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ (ҰКҚМО) және Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Кинофестиваль аясында екі елдің киноиндустрия өкілдері ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, биыл алғашқы рет кинофестиваль аясында Қазақстан мен Франция арасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҰКҚМО және Франция Еуропа және сыртқы істер министрлігінің қолдауымен киножобалар конкурсы өткізіледі.