Қазақстанның ЭЫДҰ Даму орталығының Жоғары деңгейдегі Басқарушы кеңесінің 8-ші отырысына қатысу туралы

Қазақстанның ЭЫДҰ Даму орталығының Жоғары деңгейдегі Басқарушы кеңесінің 8-ші отырысына қатысу туралы

Париж, 2022 жылғы 24 қазан – Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ЭЫДҰ Даму орталығының Жоғары деңгейдегі Басқарушы кеңесінің 8-ші отырысына қатысты. Сессияларда Даму орталығына қатысушы елдер экономикалық өсуді қайта қалпына келтіру, жасылға көшу және гендерлік теңдік мәселелерін талқылады. Сессия барысында Ә. Қуантыров Париж келісімін іске асыру және ҚР көміртегі бейтараптығы туралы құжатты әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды хабарлады. Сондай-ақ, Даму орталығына мүше елдер осыған ұқсас даму жоспарларын жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты. Жалпы, тараптар ЭЫДҰ ұсынымдарын одан әрі әзірлеу үшін сессия тақырыптарын бірлесіп талқылауды жалғастыру қажеттігін растады.