Қазақстан Елшісі Франция Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Франция Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Париж, 2022 ж. 13 қазан - Елисей сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Француз Республикасының Президенті Эммануэль Макронға сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстандық дипломат Э.Макронға Мемлекет басшысының ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның биыл дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтіп жатқан екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге және нығайтуға мүдделілігін қуаттады.