Қазақстан Елшісі Safran және Airbus басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі Safran және Airbus басшылығымен кездесті

2022 жылғы 28 қыркүйекте Елші Гүлсара Арыстанқұлова Safran компаниясының Солтүстік және Оңтүстік Америка және ТМД елдері бойынша Аға вице-президенті Стефан Роллан бастаған делегациямен кездесу өткізді.
Аталған күні Airbus басшылығымен, атап айтқанда Халықаралық даму және үкіметтік байланыстар жөніндегі Вице-президенті Сильвер Делоне және Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша Вице-президенті Жак Гарригпен келіссөздер өткізілді.
Бұл компаниялар авиақұрылыс саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады және олар Қазақстанда бірқатар ірі жобаларды іске асырды.
Келіссөздер алдағы ынтымақтастықтың келешегі мен нақты жоспарларын талқылауға арналды.