
2022 жылғы 27 қыркүйекте Елші Гүлсара Арыстақұлова Францияның Өнеркәсіп ұлттық кеңесіндегі Атом саласының тұрақты өкілі Эрве Майармен кездесті. Кездесу барысында сұхбаттасушы Елшіні француз атом секторының жұмыс істеу қағидалары және халықаралық ынтымақтастық тәжірибесімен таныстырды. Бүгінгі таңда Франция атом энергетикасының ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, әлемдегі екінші болып саналатын ядролық паркіне ие.
Еліміздің энергетикалық әлеуетін нығайту жөніндегі жоспарларын ескере отырып, тараптар қазақстандық мамандарды даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.