
2022 жылғы 22 қыркүйекте Елші Гүлсара Арыстанқұлова Ницца қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулы Доминик Пажеспен кездесу өткізді. Оның барысында тараптар Қазақстан Республикасының саяси-экономикалық дамуының өзекті бағыттары және Францияның оңтүстік өңірімен ынтымақтастық перспективалары жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында Қазақстан Елшісі Д.Пажеске Қазақстан-француз қарым – қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді атынан Құрмет грамотасын табыс етті.