2022 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстанның Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Қазақстан-француз экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы, Францияның Сыртқы сауда, тартымдылық және шетелдегі француздар мәселелері жөніндегі министр-делегат Оливье Бешт кабинетінің директорымен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары динамикасын сақтау және Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары деңгейінде тұрақты байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында сұхбаттасушылар бірлескен перспективті жобаларды кеңінен талқылап, оларды ілгерілету үшін ортақ іс-қимылдарды жалғастыруға уағдаласты.