Қазақстан мен Франция арасындағы достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа 30 жыл

Қазақстан мен Франция арасындағы достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа 30 жыл

Бүгін біз Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы Достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл толуын атап өтудеміз. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттарын белгілейтін бұл құжатқа 1992 жылы 23 қыркүйекте Парижде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға алғашқы ресми сапары кезінде қол қойылған болатын.

Шартта “Француз Республикасы мен Қазақстан Республикасы өзара қарым-қатынастарында достық пен өзара сенім рухында және барлық салаларда тығыз ынтымақтастықта егеменді және тең құқылы мемлекеттер ретінде әрекет етеді” делінген.

Франция Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған және  біздің елімізбен Достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойған мемлекет екенін атап өту керек.

Сол күннен бастап берік достық, өзара құрмет пен сенім байланыстарымен дәнекерленген біздің қарым-қатынасымыз барлық салаларда қарқынды дамып, 2008 жылы стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті.

Біз осы серпінді жалғастыруға және екі ел арасындағы ерекше байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделіміз!