
2022 жылғы 19 қыркүйекте Елші Гүлсара Арыстанқұлова «EDF» компаниясының жаңа атом жобаларын дамыту бойынша құрылымының директоры Мари-Аньес Берш бастаған өкілдерімен кездесу өткізді. Компания Францияның ірі мемлекеттік энергия өндіруші кәсіпорны болып табылады және атом станцияларын салу саласындағы әлемдік көшбасшылар тізіміне кіреді.
Кездесу барысында тараптар Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды саяси реформалар мен экономикалық өзгерістермен танысты. Осы тұрғыда, тараптар бейбіт атомды пайдалану, мамандар даярлау, «жасыл» сутегі өндірісі, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу және тағы басқа салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.