
2022 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлованың «Saint-Gobain» компаниясының Солтүстік Еуропа бойынша Аға вице-президенті Патрик Дюпэнмен кездесуі өтті.
«Saint-Gobain» - құрылыс материалдарының кең спектрін шығаратын халықаралық өнеркәсіптік корпорациясы болып табылады. Жамбыл облысында компания «Жамбылгипс» АҚ негізінде жоғары сапалы құрылыс қоспаларын өндіреді.
Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының 2022 жылғы
1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ұсынылған жаңа экономикалық саясатты іске асыру тұрғысынан француз компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.