
2022 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқулова Suez француз компаниясының Аға вице-президенті Тимотэ Каржилмен келіссөздер өткізді. Компания сумен жабдықтау, ағын суларды тазарту және қалдықтарды өңдеу саласында әлемдік көшбасшы болып табылады.
Аталған кездесу Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған және су ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған міндеттерді іске асыру аясында ұйымдастырылды. Атап айтқанда, тараптар су тазарту құрылыстарын салу және қайта құру саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Suez-дің ҚР мүдделі ұйымдарымен нақты келіссөздер жүргізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.