Қазақстан мен ЭЫДҰ серіктестікті тереңдетуге ниетті

Қазақстан мен ЭЫДҰ серіктестікті тереңдетуге ниетті

Париж қаласында 2022 ж. 6 қыркүйекте  Елші Гүлсара Арыстанқұлованың ЭЫДҰ Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсонмен кездесуі өтті.

Сұхбат барысында Қазақстанның ЭЫДҰ ұсынымдарын жүзеге асыру барысы мен Ұйымның жұмыс органдарындағы бірлескен әрекет нәтижелері талқыланды. Корпоративтік және мемлекеттік басқаруды реформалау, бәсекелестік заңнамасы мен саясаты, адалдық, жеткізу тізбегін оңтайландыру және басқа да тақырыптар бойынша әріптестікті тереңдету мүмкіндіктері туралы пікір алмасылды.

Сонымен қатар, тараптар  ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамытуға қатысты жоспарлары жеке қарастырылды.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны ҚР Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған реформалардың негізгі бағыттары, атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық саясат, мемлекеттік басқару және сот жүйесінде іске асырылатын өзгерістер туралы хабардар етті.

Өз кезегінде ЭЫДҰ өкілі Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтардың ЭЫДҰ-Қазақстан ынтымақтастығы күн тәртібіне, сондай-ақ Ұйым жарияланған «жақсы өмір үшін озық саясаттар» миссиясына сәйкес келетін атап өтті.

Сұхбат соңында тараптар бірлескен жұмыстың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге ортақ мүдделіліктерін растады.