Ұлттық жазудың реформаторы – Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына қатысты

Ұлттық жазудың реформаторы – Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына қатысты

Бұдан бес жыл бұрын 5-қыркүйек Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақстан халқының Тілдер күні ретінде бекітілген.

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ ғылымының негізін қалаған ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, педагог-ағартушы, аудармашы және мемлекеттік қайраткер. Ол XX ғасыр басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы Алаш-Орданың көшбасшыларының бірі болды.

Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген. 2022 жылғы 4-ші қазанда ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде ұлыүтұлғаға арналған ғылыми халықаралық конференция өтеді.

Қазақстан ұлттық арнасы түсірген «Ахмет. Ұлт ұстазы» атты телехикаясын тамашалауды ұсынамыз https://youtu.be/Q4Ot8tu15tI