Қазақстан-Франция: атом саласындағы әріптестікке 25 жыл

Қазақстан-Франция: атом саласындағы әріптестікке 25 жыл

Қазақстан-француз «КАТКО» кәсіпорнының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстанның Париждегі Елшілігінде Елші Гүлсара Арыстанқұлова мен «Orano Mining» компаниясының Бас директоры Николя Маэстің кездесуі өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар Түркістан облысындағы бірлескен кәсіпорын қызметінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Француз компаниясының басшылығы қазақстандық әріптестермен өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, бейбіт атомды пайдалану саласындағы әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Келіссөздер барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының, оның ішінде елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған негізгі тезистері туралы хабардар етті. Н.Маэс Қазақстан Президентінің «Жаңа әділ Қазақстанды» құру бағыты сәтті түрде жүзеге асырылатынына сенімін білдірді.