Ядролық физика институтының делегациясы Гренобльдегі Лауэ-Ланжевен институтына барып келді

Ядролық физика институтының делегациясы Гренобльдегі Лауэ-Ланжевен институтына барып келді

2022 жылғы 29 тамызда Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің көмегімен Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиевтің Гренобль қаласына сапары өтті.

Сапар кезінде ЯФИ басшысы Лауэ-Ланжевен институтының (ILL) директоры Пол Ланганмен кездесу өткізді. Тараптар келесі бағыттар бойынша бейбіт атом саласында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды:

- Лауэ-Ланжевен институтында Қазақстанның докторанттары мен пост-докторанттарының диссертацияларын/зерттеу жұмыстарын дайындау және қорғау;

- гранттық және жобалық мақсатты қаржыландыру шеңберінде бірлескен зерттеулерді жүргізу;

- ЯФИ-да нейтрондардың іргелі қасиеттері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу;

- ЯФИ-дің зерттеу реакторы негізінде кремний қоспасынан жасалған детекторлар туралы ақпаратпен алмасу.

Қазақстандық делегация Лауэ-Ланжевен институтының ғылыми нысандарын да аралады. Екі елдің ғалымдары арасында жан-жақты пікір алмасу жүргізіліп, ультра суық нейтронды сәулелену әдісімен ғылыми реактордың көмегімен өндірілген заттарды талдаудың үлгілендіруі көрсетілді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар қосымша техникалық консультациялар өткізуге келісті.

С.Сахиев ILL басшылығы мен ғалымдарын 2022 жылғы 26-30 қыркүйекте Алматы қаласында ЯФИ-дың 65 жылдығы мерейтойына арналған іс-шараларға қатысуға шақырды.

 

Анықтама: Ғылыми-зерттеу реакторында ғылыми тәжірибелер жүргізу заттардың қасиеттері туралы терең білім алуға мүмкіндік береді және ядролық медицинаның дамуына үлес қосады. Лауэ-Ланжевен институты бейбіт атомдық технологияларды дамытуға мамандандырылған 14 еуропалық елдің ғалымдарын біріктіретін әлемдегі жетекші ғылыми орталық болып табылады.