
2020 ж. 16 қаңтарда Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев «SUEZ» ірі француз компаниясының Аға вице-президенті Тимотэ Каржильмен кездесуді өткізді. Бұл Қазақстандағы жобаларды іске асырудың перспективалары туралы топтың басшылығымен бірқатар келіссөздердің жалғасы ретінде ұйымдастырылды.
Қазақстандық дипломат «SUEZ» әлемдегі көшбасшылардың бірі болып табылатын сумен жабдықтау, ағынды суларды тазарту және қалдықтарды басқару мәселелерінің әлеуметтік маңызы жоғары және халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететініне баса назар аударды. Компанияның ҚР-ға қызығушылығы үшін алғыс білдіре отырып, Елші осы салаларға инвестицияларды, технологиялар мен тәжірибені тарту, сондай-ақ отандық мамандарды даярлау – ел дамуындағы жаңа кезеңнің басымдықтары болып табылатынын атап өтті.
Өз кезегінде, Т.Каржиль компанияның Қазақстанмен ұзақ мерзімді өзара тиімді серіктестік құруға ниеті барын және жақын болашақта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында нақты жобаларды жүзеге асыруға батылдығын растады.
Осы тұрғыда келіссөздерді жалғастыру және жобаларды нақтылау үшін «SUEZ» өкілінің Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына алдағы сапардың ұйымдастырушылық-техникалық аспектілері талқыланады.